Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер оңтүстік тұрғынынан 10 келі марихуана мен 3 келі гашиш тәркіледі

Қарағанды облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпанда Қарағанды облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері республикамыздың оңтүстік өңірінің тумасынан 10 келі кептірілген марихуана мен 3 келі гашиш тәркіледі.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды.

4 ақпанда Саршаған қаласында осы қаланың 33 жастағы тұрғыны ұсталып, оның қолындағы спорттық сөмкесінен төрт келіден астам кептірілген марихуана және бір келіден астам гашиш тәркіленген еді.

Айта кететін жайт, ақпанның алғашқы онкүндігінде Қарағанды облысының полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаудың үш фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру