Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талғар ауданының полицейлері «құрылыс заттарын сатамын» деп қос тұрғынды алдап соққан күдіктіні ұстады

Талғарлық полицейлер «құрылыс заттарын сатамын» деп қос тұрғынды алдап соққан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар ауданының екі тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз біреудің алдағанына сеніп, материалдық шығынға батқандары туралы арызданған. Күдікті өзінің жымысқы ойын іске асыру үшін құрылыс заттарын сататын сайттардың мүмкіндігін ұтымды пайдаланған.

– Қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған ауқымды шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Еңбекшіқазақ ауданының 1989 жылы туған тұрғыны анықталды. Ол полициядан барынша бой тасалағанымен, Алматы қаласында қолға түсті. Оның мекенжайын анықтауда және құрықтауда Талғар ауданының ПБ жедел уәкілі Ержан Айымбетов ерекшеленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, – деді Талғар ауданының ПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Ғалым Иманғалиев.

Полиция қызметкерінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшыларының бұлтартпас айғақтарынан кейін күдікті өзінің қылмыстарын мойындаған және қаржылық қиындықтарға байланысты алаяқтыққа барғанын жеткізген.

Полицейлер оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетінен зардап шеккендердің шығындары есептелуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру