Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік мас жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

Ақтөбелік полиция қызметкерлері есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 ақпан күні сағат 20:35 шамасында Московская көшесіндегі патрульдік полиция қызметкерлері 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Toyota Camry” автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің өзін-өзі ұстауы күдік тудырды. Медициналық тексеру барысында жүргізушінің “каннабиноидты” есірткі мас күйінде екені анықталды. Сонымен қатар, жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамды басқару) сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ УҰИ-на қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру