Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық алаяқ Түркістан тұрғынына сан соқтырған

Қызылордада инвестициялық жобадан пайда көретіні туралы уәде беріп, Түркістан облысы тұрғынының 200 000 теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасына 10 ақпан күні Түркістан облысының тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған.

Ол өз арызында былтыр «WhatsАрp» мессенджері арқылы белгісіз әйелдің оның сеніміне кіріп, инвестициялық жобаға ақша салу жолымен ақшасын еселеу туралы уәде беріп, банк қосымшасының көмегімен өз есепшотына 200 мың теңгесін алдап аудартып алғанын көрсеткен.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасаған облыс тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру