Павлодарда бір тәулік ішінде отбасылық қарым-қатынастар саласындағы 34 құқық бұзушылық анықталды
Павлодарлық полиция қызметкерлері бір тәулікте 34 отбасылық жанжалға барған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Отбасылық-тұрмыстық жанжалдар полицейлерді шақырудың негізгі бөлігін құрайды. Бұл «102» пультіне келіп түсетін қоңырауларды күнделікті мониторингілеу нәтижелері. Тек бір тәулік ішінде Павлодар қаласында осы саладағы 34 құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде зорлық-зомбылық құрбандары 17 жағдайда ғана отбасылық жанжалқойға қатысты арыз жазды. Қорғау ұйғарымын шығаруға келіскендер саны одан да аз, бар-жоғы 8 адам, – деді Павлодар қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Арман Қаптаев.
Жәбірленушілердің көбісі полицияны тәртіп сақшылары зорлық-зомбылықтан қорғасын деп шақырады, бірақ олар өздерін және балаларын болашақта тираннан қорғайтын құқықтарын заң жүзінде пайдаланғылары келмейді.
Статистика көрсеткендей, полициядан көмек сұрағандардың 80% уақыт өте келе өздерін ренжіткендерді кешіреді. Соның салдарынан, біраз уақыттан кейін отбасылық жанжал қайталанады.
Айта кету керек, «102» операторының пультіне түскен азаматтардың шақыруларына күнделікті мониторинг отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Осы отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, учаскелік инспекторлар отбасылық жанжалдарға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді.