Маңғыстауда "Ксенон" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде
Маңғыстау облысында "Ксенон" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында 11-13 ақпан аралығында полиция қызметкерлері "Ксенон" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның бірінші күнінде тәртіп сақшылары "көз шағылыстырғыш" шамдармен жабдықталған 108 көлікті анықтады.
Аталған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5,7-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттамалар толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, көліктің жарық беру шамдарын өндіруші зауыт қарастырғаннан гөрі қуаттылығы жоғары шамдарға ауыстыру заңсыз болып табылады.