Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда үздіктер анықталды

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов 2020 жылдың қорытындысы бойынша тергеу және анықтау бөлімшелерінің үздік қызметкерлеріне грамоталар табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Үздік тергеуші” атағына Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімі тергеу бөлімі бастығының орынбасары Еркебұлан Мекен ие болды. Тергеуші, аға тергеуші болып жұмыс істеген Еркебұлан бүгінде бөлім бастығының орынбасары қызметін атқара отырып, тергеу жұмысындағы мол тәжірибесімен жас мамандармен бөліседі.

Екібастұз қаласы ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы Иран Ибрагимов “Үздік анықтаушы” деп танылды.

Сонымен қатар, рейтинг нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған Полиция департаменті тергеу және анықтау бөлімшелерінің сегіз қызметкері алғыс хаттармен марапатталды.

Бағалы сыйлықтар жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеу бөлімшелеріне табысталды. Қалалық бөлімшелер арасында Ақсу қаласының полиция бөлімі, ал ауылдық бөлімшелер арасында Железин ауданының полиция бөлімі үздік деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру