Қызылордада тергеу изоляторындағы азаматтар медициналық тексеруден өтті
Қызылордада тергеу изоляторында отырған азаматтар профилактикалық тексеруден өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған шараны өткізу мақсатында мекемеге Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы меморандум шеңберінде №6 қалалық емхананың мамандары шақыртылды.
Профилактикалық тексеру өткізудің мақсаты – айыпталушылар мен сотталғандар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және созылмалы ауруларды анықтау болып табылады.
Профилактикалық тексеруден мекемеде отырған 224 азамат өтті.
Аталған шара жыл сайын жоспарлы түрде өткізіледі.