Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын елемеген нысан иесіне хаттама толтырылды

Шымкентте карантин талаптарын елемеген нысан иесіне хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар жүргізуде. Алайда қойылған шектеулерге қарамастан Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан «Чехов pub» кафесі карантиндік режимді бұзып жұмыс жасап жатқаны анықталды. Тексеру барасында кафе қызметкерлері бетпердесіз жүргені анықталды. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап аталған ғимараттың әкімшісінен түсініктеме алды. Осы орын алған жайт бойынша Шымкент қаласы карантин режимін бұзушыларға қатысты жинақталған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Тәртіп сақшылары карантин режимін бұзған адамдардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру