Зеренді ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам қаза тапты
Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 18 ақпанда сағат 13.45 шамасында Зеренді ауданының ПБ кезекші бөліміне Еленовка ауылының 40 жастағы тұрғынынан Айдарлы ауылының маңындағы «Көкшетау-Атбасар» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
«Көкшетау-Атбасар» автожолының 29 шақырымында 43 жастағы ер адам басқарып келе жатқан «Тойота Камри» маркалы автокөлік жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, 46 жастағы ер адам басқарып келе жатқан ресейлік есепте тұрған «ВАЗ-2115» маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қайтыс болды, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.