Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зеренді ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам қаза тапты

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 18 ақпанда сағат 13.45 шамасында Зеренді ауданының ПБ кезекші бөліміне Еленовка ауылының 40 жастағы тұрғынынан Айдарлы ауылының маңындағы “Көкшетау-Атбасар” автожолында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

“Көкшетау-Атбасар” автожолының 29 шақырымында 43 жастағы ер адам  басқарып келе жатқан “Тойота Камри” маркалы автокөлік жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, 46 жастағы ер адам басқарып келе жатқан ресейлік есепте тұрған “ВАЗ-2115” маркалы автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қайтыс болды, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру