Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кербұлақ ауданында екі қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған азаматтың мал ұрлығына да қатысы бар екені анықталды

Алматы облысының Кербұлақ ауданында екі қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған жігіттің мал ұрлағаны да әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше Кербұлақ ауданының тәртіп сақшылары өзгенің көлігін заңсыз иемдену және аудан орталығында тұратын отбасының үйінде жанжал шығару деректеріне қатысы бар деген күдікпен қамауға алған аудан тұрғынының өзге біреудің малын қолды қылғаны белгілі болды.

– Сотқа дейінгі тергеу барысында тиісті тексерулер жүргізіп, жауап алу кезінде күдіктінің 2017 жылы Арқарлы ауылының тұрғынына тиесілі екі қойды ұрлағаны анықталды. Тиісті айғақтардан кейін ұсталған адам қылмысын мойындап, оқиғаның мән-жайын айтты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – деді Кербұлақ ауданының ПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.

Тәртіп сақшылары құқық бұзуға бейім күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылының 24 жастағы тұрғыны ішімдік ішіп алып, ауылдасының темір тұлпарын заңсыз тізгіндеп, 40 шақырым қашықтықтағы аудан орталығындағы танысының үйінде жанжал шығарған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру