Маңғыстау облысының ПД басшылығы азаматтарды қабылдады
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Амангелді Халмұрадов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Басшылықтың қабылдауына сегіз адам жазылды. Қабылдауға келген азаматтар басшыға әкімшілік істер, көші-қон мәселесі, жол қозғалысы бойынша сұрақтарын қойды.
Амангелді Халмурадов келіп түскен барлық сұрақтар бойынша мән-жайлар мұқият тексерілетінін айтты.
Бүгін азаматтар басшылыққа сұрақтарын қойып қана қоймай, полицейлерге қызметі үшін алғыстарын да білдірді. Мәселен, Ресей азаматы Роман Темірәлиев ПД көші-қон қызметіне көрсеткен көмегі үшін дән риза екенін айтты.