СҚО полицейлері итті ұрлауда күдікті ауыл тұрғынын ұстады
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері итті ұрлауда күдікті ауыл тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 6 ақпан полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2021 жылдың 6 ақпанына қараған түні металл шынжырға байланған неміс овчаркасын ұрлаған белгісіз адамға қатысты шара қолдану туралы Тоқшын ауылының тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түскен.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Пайдакүнемдік ниетпен жеке пайдалану үшін итті ұрлаған, бұрын сотты болған сол ауылдың 2001 жылы туған тұрғыны осы қылмысты жасады деп күдіктелуде. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.