Орталық көшеде ерекше құқық бұзушылық петропавлдық ұстады
Полицейлер қаланың орталық көшесінде ерекше құқық бұзушылық жасаған жас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 ақпан күні кешке СҚО-ның Instagram-пабликтерінің бірінде 12 секундтық видео пайда болды, видеодан Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стеласын айналып жүрген қара седан Toyota Camry көлігін көруге болады. Бұл көше жаяу жүргіншілерге арналған, көліктің жүруіне тыйым салынған, мұны бүнда орнатылған тиісті жол белгісі растайды.
Арандатушылық видеоға қатысты ондаған желі қолданушысы пікірлерін білдіріп, бұзақының әрекетін сынға алған. Бұл кезде Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтау бойынша іздестіру іс-шараларына кіріскен еді.
Автокөлік полицияның Жедел бақылау орталығының бейне бақылау камераларының мұрағатын зерделегеннен кейін анықталды. Құқық бұзушы ұсталды.
Бұзақы әрекетін 17 ақпан күні кешке жасағаны анықталды. Петропавлдың 19 жастағы тұрғыны досының көлігін тізгіндеп, игерген жүргізу қабілетін көрсетпекші болған. Жүргізуші куәлігін ол бір апта бұрын 10 ақпан күні алған екен.
https://www.instagram.com/p/CLesVFyJGLj/?igshid=1om7agp1za055
СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжановтың айтуынша, аталған факті бойынша ӘҚБтК 596-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша материал жинастырылды. Жас жүргізуші өзінің кінәсін мойындады, бұл туралы кешірім сұрау мақсатында солтүстікқазақстандықтарға арнап түсірген видеосында айтып өтті.
Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау, оның ішінде барлық жол белгілерін білу қажеттігі туралы ескертеді. Автокөлік – аса қауіпті механизм, жолда қателесуге, жылдамдықты асырып, тентектікке салынуға болмайды.