Шымкентте кезекті той тоқтатылды
Шымкентте тойханаға той ұйымдастырғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мобильді топ құрамында мониторинг жұмыстарын жалғастыруда. Аудан аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралардың барысында Қазығұрт мөлтек ауданында орналасқан «Бақыт Сарай» тойханасында қала тұрғындары салтанатты жиын өткізіп жатқаны анықталды. Аталған жайт бойынша карантин талаптарын бұзып, жиын өткізіп жатқан азамат пен нысан иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) тиісті шара қолдану үшін жинақталған іс-құжаттар Абай ауданы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады.