Мақтааралда дүкен иесі жасөспірімнің қолынан телефонын тартып алған
Түркістан облысының полицейлері өзінше билік етіп, жасөспірім баланың қолынан телефонынды тартып алған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-на жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда ол кәмелет жасына толмаған ұлын аудан аумағында орналасқан дүкенге жіберген. Сол мезетте дүкен иесі оның баласына қарыз ақшаны қашан бересің деп, өзінше билік етіп, қолындағы «Redmi A6» маркалы ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленуші әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Мақтаарал АПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада барды. Істің ақ-қарасын ажыратып, тұрғынның ұялы телефонын өзіне қайтарып берді. Осылайша жергілікті тұрғын өзінің ұялы телефонын қайтарып берген полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.
– Мен, ұлымды дүкенге жіберген болатынмын. Алайда дүкеннің иесі қолындағы ұялы телефонын еркінен тыс тартып алған. Содан соң мен полиция қызметкерлеріне бірден хабар беріп, көмек сұрадым. Олар аз уақыт ішінде келіп, істі шешіп берді. Тәртіп сақшыларына алғысым шексіз.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмау керектігін ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.