Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасылық полицейлер тұрғындарға мал ұрыларынан сақ болуды ескертеді

Ордабасылық полицейлер тұрғындарға мал ұрыларынан сақ болуды ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығына жол бермеу мақсатында Түркістан облысы мәслихатының шешіміне сәйкес, облыс көлеміндегі елдімекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары бекітілген. Өздеріңізге белгілі көшеде, жайылымда иесіз жүрген төрт-түлік, қылмыскерлердің оңай олжасы болуы мүмкін, яғни ұрлап кетуге ыңғайлы. Қазіргі таңда осындай олқылықтың алдын алуда полицейлер аудан көлемінде, көшеде және жайылымда иесіз жүрген мал иелерін анықтап, оларға қатысты ескерту жұмыстарын жүргізуді қатаң бақылауға алған. Атап өтер жайт, елдімекендерде иесіз жүрген мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

Оған қоса мал ұрлығын болдырмау мақсатында Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері атқа мініп, күні-түні жайылымды аралап, иесіз жүрген малдарды Қараспан ауылында орналасқан арнайы оқшаулағышқа қамауда. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында жыл басынан бері қараусыз жүрген 28 малдың иелеріне қатысты әкімшілік шара көрілген. Сонымен қатар тиісті құжатсыз мал тасымалдаған 15 жүргізушіге ҚР ӘҚБт-нің 406-бабымен әкімшілік шара көру үшін ветеринарлық инспекцияға жолданған. Тәртіп сақшылары мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға әр малдың жеке сипаттамасы, тиісті Ф-1 құжаты болуы керектігін ескертеді. Одан бөлек, малды көзден таса қылмай жаю керек. Үй жануарларын таңбалау, құжаттандыру, сырға салу жұмыстарын уақытылы жүргізу қажет.

Сондықтан, аудан тұрғындары ұры-қарыдан сақтанып, малдарыңызды жайылымға қараусыз жібермеңіздер. Қора-жайларды мықтылап бекітіп, сенімді бақташы жалдаңыздар. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да жалғаса бермек. Сондықтан Сіз де, өз мал-мүлікіңізге барынша сақ болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру