Қызылордада жас жігіт қылмыс үстінде ұсталды
Қызылорда қаласында жас жігіт дүкен терезесінің темір торын бұзып кіріп, қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1 наурыз күні сағат таңғы 5-тер шамасында 40 жастағы азаматшадан үй жанындағы дүкен ішінде белгісіз біреудің жүргені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы дүкеннің терезесіндегі темір торын бұзып, пластик терезесін күш қолдана отырып, ашып кіріп, ішіндегі заттарды ұрлауға оқталған ер азаматты ұстады. Күдікті облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол Полиция басқармасына жеткізіліп, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 188-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Ұрлық жасауға оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жәбірленуші полицейлерге кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.