Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында «70 жылдық той» тоқтатылды

Түркістан облысында «70 жылдық той» анықталып, тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитарлық-дәрігерінің қаулысы негізінде, карантин режиміне бірқатар шектеу шаралары енгізілген. Осы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында, Сарыағаш АПБ қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдарынан мобильдік топтар құрылып қарқынды жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Сайрам ауданында 2021 жылдың басынан бері 158 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олардың барлығына шара көру үшін жинақталған іс-құжаттары Сарыағаш аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Мәселен, осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу барысында полицейлер, Сарыағаш ауданы Исмайлов көшесінде орналасқан «Нариман» тойханасында 70 жылдық той өтіп жатқаны анықталды. Тойханада шамамен 80 -ге жуық адам болған. Полицейлер бірден әрекет етіп, тойды тоқтатып, қонақтарды қайтарды.

Осыған орай халықтың көптеп шоғырлануына жол беріп, карантин талаптарын орындамағаны үшін тойхана егесі мен той иесіне қатысты іс-құжаттар рәсімделіп, Сарыағаш аудандық СЭББ-ға жолданған.
Сарыағаш аудандық полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.

Мобильдік топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру