Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік қария Пробация қызметіне алғыс айтты

Істі болған баласына әлеуметтік- құқықтық көмектер көрсеткені үшін ақтөбелік қария Пробация қызметіне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Хал-жағдайын сұрап барған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметіне есепте тұрған сотталғанның 77 жастағы қарт анасы алғыс айтты.

Қария өз сөзінде бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған баласының есепке алынған күннен бастап, пробация қызметкерлерінің қолдау көрсетіп келетінін, яғни баласына жеке басын куәландыратын құжат рәсімдеп бергенін және тегін медициналық көмек алуына жәрдем көрсеткенін айтты. Сонымен қатар, аяғын шалыс басқан баласының өмірдің қиын жағдайында біржолғы жәрдемақыға қол жеткізуіне қолдау көрсеткені және жұмысқа тұрғызғаны үшін Пробация қызметіне ришалығын білдіріп, аналық алғысын айтты.

– Сотталған азаматты денсаулық жағдайына байланысты тегін ем алуы үшін алдымен жеке басын растайтын төлқұжатын рәсімдеу керек болды. Жеке куәлігіне қол жеткізгесін аудандық аурухана жанынан тексерістен өтіп, қажетті емін алды. Бұдан соң, аудандық жұмыспен қамту орталығының жанынан 60 мың теңге болатын біржолғы жәрдемақыға қол жеткізілді. Сол сияқты жергілікті әкімдіктің жанынан ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Жалпы, жоғарыда аталған жұмыстар Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы аясында және сотталғанның қайта қылмысқа бармауы үшін атқарылды, – дейді Темір аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Ренат Жұмабаев.


Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметкерлерінің қолдауымен аяққа тұрып жатқан сотталғандар аз емес.

Мәселен, өткен жылы Темір аудандық пробация қызметі 79 сотталғанға қоғамға әлеуметтік бейімделуі үшін 101 көмек түрлерін көрсетсе, биыл 2021 жылдың екі айында пробация есебіне қойылған жеті  азаматқа 13 әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп үлгерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру