Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторы марапатталды

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы белсенді әріптестігі үшін Астана ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласының Астана ауданының әкімі Дариға Исмағамбетова, халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Мадина Мадиханованы аудан әкімдігімен әріптестікте нәтижелі жұмыстар атқарып, сотталғандарды қатыстыра отырып бірлесіп атқарылатын іс-шараларға белсенді қатысып, осы тұрғыда ауданның әлеуметтік дамуына қосып жүрген үлесі үшін құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.

Астана әкімдігінің ғимаратында өткен іс- шарада аудан әкімі сондай-ақ, ер- азаматтармен иық тіресе қызмет етіп жүрген Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметіндегі барша нәзік жанды аруларды да мерекемен құттықтап, қызметтерінде табыс тіледі.

– Мереке қарсаңындағы аудан әкімінің осындай құттықтаулары пробация қызметіндегі қыз-келіншектер үшін жақсы мотивация. Сол үшін нәзік жанды аруларымызды елеп, әдемі тілектерін айтқан Астана ауданы әкіміне алғысымызды білдіреміз, – дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру