Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада өндірістік мекемеден құрал-сайман ұрлаған топ қолға түсті

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мекемесінен құрал-сайман ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 ақпан күні сағат 18:30 шамасында Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолында Шиелі ауданы Бала би ауылының тұсында «Газель» автокөлігін тоқтатқан. 

Тексеру барысында автокөлік салонына аудандағы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінен ұрланған темір құрал-саймандар тиелгені анықталды. Көлік жүргізуші мен оның екі серігі аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Олардың үшеуі де 20 жастағы аудан тұрғындары болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру