Қызылорда облысында ұрлаған көлік иесіне қайтарылды
Облыс тұрғыны Сыр сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, ол ақпан айының 2-сінен 3-іне қараған түні белгісіз біреулердің үйінің алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін көріп, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне арызданған.
Арыз бойынша жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысты жасаған көрші ауылдың 36 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдікті автокөлікті Түркістан облысы Ленгер ауылына айдап апарып, 450 000 теңгеге сатып жіберген.
2 наурыз күні Түркістан облысы Сайрам ауданының 34 жастағы тұрғынынан ұрланған «Daewoo Nexia» автокөлігі айғақ зат ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жәбірленуші өз кезегінде көлігін тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.