Ақтөбеде аудандық пробация қызметінің бастығы қызметкерлердің аналарына алғыс білдірді
Ақтөбеде аудандық пробация қызметінің бастығы қызметкерлерінің үйін аралап, аналарына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мерекесі күні аталған пробация қызметкерлерінің үйлеріне барып, олардың аналарын мерекемен құттықтай отырып, гүл шоқтары және білікті қызметкерді тәрбиелегені үшін алғыс хаттарды табыстады.
Астана аудандық пробация қызметінің басшылығы бұл күні сонымен қатар, мереке күнін жұмыста қарсы алған қызметкерлердің ақжаулықты аналарын да ескерусіз қалдырған жоқ: қызметкерлердің аналарының жұмыс орнына барып, алғыс айтып, зор денсаулық пен амандық тіледі.
– Мереке қарсыңда қызметкерлердің аналарына кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келді. Мұндай іс-шаралар пробация қызметкерлері үшін де жағымды болатыны анық және олардың қызметтерінде жауапкершілікті сезінулері үшін пайдасын тигізеді, – дейді Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов.