Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

60 адамға той ұйымдастырған шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды

Карантиндегі кезекті той Шымкентте анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шектеу шараларына қарамастан қыз ұзату тойын жасаған Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ол үйіне 60-қа жуық қонақ шақырған. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тойға жиналғандардың санитарлық нормаларды сақтамағанын анықтаған. Үй иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материал Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Қазіргі уақытта мониторинг тобы дамылсыз жұмыс жасап жатыр. Олардың құрамына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілі және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары кіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру