Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да өзіне сеніп тапсырылған малды талан-таражға салған малшы әшкереленді

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында шаруа қожалығының малшысы өзіне сеніп тапсырылған екі бас сиырды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына шаруа қожалықтарының бірінің басшысы мал ұрлығы фактісі бойынша жүгінді, ол 2020 жылдың қараша айының ортасынан бастап 2021 жылдың ақпанына дейінгі уақыт аралығында белгісіз біреудің Абай ауданының аумағында орналасқан еркін жайылымнан екі бас ірі қара малын жасырын ұрлап кеткендігін хабарлады. Зардап шегуші залалды 450 000 теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде шаруа қожалығының 43 жастағы малшысын ұстады, ол жауап алу барысында өз кінәсін мойындап, ұрланған малдарды қайтарып берді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру