Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинск қаласының полицейлері біреудің үйінің құлпын бұзып кірген қаскүнемді құрықтады

Біреудің үйінен 480 мың теңге ұрлап кеткен күдіктіні Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «ізін суытпай» қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне қалаға іргелес орналасқан ауылдың 47 жастағы тұрғыны шағымданған. Жәбірленуші азамат өз арызында белгісіз біреудің үйінің есігінің құлпын бұзып кіріп, үйінен 480 мың теңге ақшасын ұрлап кеткеніне шағымданған. Қылмыс жәбірленуші жұмыста болған кезде жасалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен Шахтинск қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру