Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының екі тұрғыны оңай олжа табу үшін темір ұрлаған

Ұйғыр ауданының полицейлері автопатрульдеу барысында біреудің шаруа қожалығындағы темірлерді ұрлап, сату мақсатында аудан орталығына әкелген Бахар ауылының екі тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан қолды болған темірлерді тәркілеп, қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркеді.

Оқиға былай өрбіген. Полицейлер Шонжы ауылын патрульдеу кезінде тұрысы күдік тудырған көлікті тексерген. Көліктің жүргізушісі мен оның серігі “Mitsubishi Galant” көлігіне тиелген темірлердің шығу тегін айта алмай, сөзден жаңылысқан.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі тұрғын ұсталды. Тергеу барысында олар оңай олжа табу мақсатында белгісіз біреудің шаруа қожалығынан темір ұрлап, сатып жібергісі келгендерін мойындады. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды,- деді Ұйғыр ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Игорь Калмаков.

Қос күдікті қолды қылған жарты тоннаға жуық темір-терсек тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Аталған шаруа қожалығының иесі мүлкіне қол сұққандарды дер кезінде ұстап, қырағылық танытқан тәртіп сақшыларына алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру