Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны есірткіні құпия орындарда қалдыру арқылы сатумен айналысқан

Павлодар қаласында синтетикалық есірткіні сату кезінде 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жедел уәкілдер ұсталған адамның жоғары сапалы синтетикалық есірткіні интернет арқылы құпия орындарға қоя отырып, сатумен айналысқанын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) 
сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының қолданыстағы нормаларына сәйкес, қылмыстың бұл түрі үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру