Қызылордада қала тұрғынын ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған күдікті ұсталды
Қызылордада адам тонаған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 ақпанда Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Оның айтуынша, 13 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында аулада тұрған жәбірленушінің жанына бейтаныс жігітпен бірге көршісі келген. Содан кейін, ол жәбірленушінің «Galaxy A31» маркалы ұялы телефонын қорқытып, ұрып-соғу арқылы тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын 90 000 теңгені құрайды.
Полицейлердің кәсіби шеберлігінің нәтижесінде көп ұзамай осы қылмысты жасауға қатысы бар облыс орталығының 2003 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері күдіктінің қалада орын алған бұдан өзге де тонау мен екі ұялы телефон ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.Оқиғаның мән-жайы анықталуда.