Алматы полициясы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жүргізу тәртібін жақсартуға шақырды
Алматы полициясы қоғамдық көлік жүргізушілерінің жүргізу тәртібін жақсартуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаһардың әкімшілік полициясының басшылығы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ қоғамдық көлік салондарында орын алатын бөтеннің мүлкін ұрлауға жол бермеу бойынша қабылданатын шаралар туралы автопарктердің басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Қалалық мобильділік Басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 20 көлік компаниясы қала аумағында 2 мың 250 автобус көлемінде тасымалдауды жүзеге асырады.
– Жол-көлік оқиғаларын талдау көрсеткендей, зардап шеккендермен болған жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықтың сақталмауы, маневр жасау ережелері, жүргізушілер көлік жүргізу кезінде смартфондарды қолдануы болып табылады. Бұл бұзушылықтар автопарктер тарапынан қозғалыс кестесін сақтау бойынша белгіленген талаптарға байланысты орын алады. Сонымен қатар, полиция бөлімшелері бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу және анықтау бойынша, оның ішінде қоғамдық құқық қорғау құрылымдарын тарта отырып, мақсатты жұмыстар жүргізеді. Құқық бұзушылықтарды жасауға себептер мен жағдайларды зерттеу барысында қалта ұрлығы көбіне аялдама кешендерінде, жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде және қоғамдық көлік салондарында жасалады, ұрлық фактілері бойынша көпшіліктің жүгінбейтіндігінен олардың көпшілігі жасырын күйде қалады. Осыған байланысты полиция Департаменті қалта ұрыларын анықтау және ұстау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мақсатты іс-шаралар шеңберінде қоғамдық көліктерде және аялдамаларда орналастырылған топтар құрылды, олар құқық бұзушылық фактілерін жедел түрде анықтайды, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Тасымалдаушы компания басшылығымен кездесуден кейін автобустардың жүру кестесін қайта қарау, смартфонмен (немесе басқа гаджетпен) желіге кіруге тыйым салумен байланысты бақылау орнату, GPS арқылы жылдамдықтың күн сайынғы мониторингін жүргізу және жүргізуші кеңсесінде орнатылған бейнекамераларды қарау ұсынылды.