Рудный полициясының бастығы вакцина салдыртты
Рудный полициясының бастығы COVID-19-ға қарсы вакцина алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда полицейлерді коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинациялау жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес бірінші кезекте вакцинаны медицина саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады.
Тәртіп сақшылары пандемия басталғалы бері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде болып, тәулік бойы қызмет етті. Сондықтан вакцинация – бұл жағдайды шешудің жолы.
Бүгін Covid-19 вакцинасын Рудный қаласы Полиция басқармасының бірінші басшысы Әлім Бажықбаев алды. Оның айтуынша, ол ойланбастан вакцинациялау туралы шешім қабылдаған.
– Полицейлер медицина қызметкерлерімен қатар осы аурумен күресте алдыңғы қатарда. Полиция қызметкерлері мен олардың отбасыларын қорғау маңызды. Сонымен қатар, вакцинация жақын арада бәрімізге өмірдің әдеттегі ырғағына ешқандай шектеусіз оралуға мүмкіндік береді. Сондықтан вакцинация COVID-19 пандемиясын жеңу жолындағы алғашқы және ең маңызды қадам екенін барлығы түсінуі керек, – дейді Әлім Маратұлы.
Бүгін онымен бірге патрульдік полиция ротасының қызметкерлері, сондай-ақ басқарма бастығының орынбасарлары екпе алды.