Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғынның көлігін ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қызылордада тұрғынның көлігін ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.

Түнгі уақытта оның үйінің алдында тұрған “Ваз-2115” маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Материалдық шығын 400 мың теңгені құрады.

Дер кезінде барлық патрульдік қызметтерге ұрланған автокөлік бойынша бағдар жіберіліп, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қаралды. Көп ұзамай Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 8 наурыз күні таңғы сағат 04:00 шамаларында Бірқазан елді-мекенінің тұсында күдіктілер ұсталды. Үш күдіктінің бірі бұрын сотты болған 1996 жылы туған Арал ауданының тұрғыны. Екеуі 1996-2002 жылы туған қала тұрғындары.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп ал) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру