Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өтті

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін, 12 наурызда Полиция департаментінің, ҚАЖД, МКҚБ жеке құрамы, М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты мен Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының профессорлық-оқытушылық құрамы және курсанттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен және “Парасат жолы” республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Садыбек Түгелмен кездесті.

Өкілдер сапарының басты мақсаты – облыстың құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайтуға үлес қосу болып табылады.


Жазира Жылқышиева қатысушыларға заңнамалық деңгейде жауапкершілікті күшейтіліп, сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылғанын хабарлады.
Кездесу барысында Садыбек Түгел сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның “Парасат жолы” жобасын іске асыру бойынша, оның ішінде кітапханаларды пайдалану арқылы парасаттылық, қоғамдағы адалдық қағидаттарын ілгерілету жөніндегі бастамасының маңыздылығын атап өтті. Осы алаңдарда қоғамдық, шығармашылық және ғылыми интеллигенция мен дін өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-ағарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Жазушы С. Түгелдің айтуынша, сыбайлас жемқорлықты тек ортақ күш-жігермен, заңнаманы қатайтумен ғана жеңуге болады және көптеген азаматтарымыздың сана-сезімін өзгерту қажет.

Іс-шара соңында ПД бастығының орынбасары Мұрат Жақыпбеков спикерлерге, барлық қатысушыларға кездесуге қатысқаны үшін үлкен алғысын білдіріп, өткізіліп жатқан осындай ауқымды іс-шаралар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және жалпы бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиесін ұлғайтуға, нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру