Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда біреудің үйіне заңсыз кірген ұры ұялы телефонды қолды қылған

Қарағандылық азамат жер үйлердің біріне заңсыз кіріп, үй иелерінің ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші азаматша өз арызында өзі жұмыста болған уақытта белгісіз біреудің оның үйіне заңсыз кіргенін, күдіктінің бағалы зат іздеп, үйдің астан-кестеңін шығарғанын, алайда құнды ешнәрсе таппағандықтан, құны 62 мың теңге тұратын ұялы телефонын қолды қылғанын көрсеткен.Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы азаматты ұстады. Ол істеген ісін мойындады, жәбірленушінің ұялы телефоны айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру