5 күн ішінде Ақтөбе облысында 25 мас жүргізуші анықталды
Ақтөбеде мас жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды жақсарту, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 12-18 наурыз аралығында республика аумағында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Облыс бойынша "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының бес күні ішінде 85 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 57 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген бір адам ұсталды.
Бұрын жасалған қылмыстар ашылды – 27.
Заңсыз алып жүру мен сақтаудың 105 фактісі анықталды:
- Есірткі құралдарын сақтағаны үшін екі факт;
- Тіркелмеген атыс қаруы мен оқ-дәрілерді алып жүрудің сегіз фактісі;
- Суық қару (пышақ) алып жүрудің 95 фактісі анықталды.
"Нөлдік төзбеушілік" тәртібінде 3 348 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 132, ұсақ бұзақылық – 438, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу бойынша – 447 жайт анықталды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1427 жағдайы анықталды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару бойынша– 25, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 225, қарсы жолаққа шығу – 38, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 102, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзуы бойынша 546 факті анықталды.
Қала тұрғындары мен ойын-сауық орындарының әкімшілері шектеу іс-шараларын өткізуге байланысты барлық ойын-сауық орындары сағат 24:00-де жабылуы тиіс екенін еске саламыз. Олай болмаған жағдайда, әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.