Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат етілді

Ақмола облысындағы түзеу мекемелерінде ұзақ мерзімді кездесулерге рұқсат берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұзақ мерзімді кездесулер барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жазасын түзеу мекемесінде өтеп жатқан сотталғандардың жақындары сынама тапсырылған күннен бастап мерзімі бес күннен аспайтын Covid-19 бойынша ПТР-тесттің теріс нәтижелі қорытындысын ұсына отырып, дене температурасын өлшеу, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің, сотталғандар мен олардың туыстарының бетперде режимін сақтауы арқылы жүзеге асырылады. Туыстарымен кездескеннен кейін сотталғандар 14 күн карантинде болады.

Ұзақ мерзімді кездесулер туралы хабар сотталған азаматтардың жақындарының арасында тез тарап кетті. Бұл түсінікті жайт. Сотталғандар үшін олардың отбасы мүшелерінің психологиялық, моральдық қолдауы өте маңызды. Кездесулер оларға күш-қуат, сенімділік береді, олардың біреуге керек екенін сезіндіреді, ал бұл сотталғандар үшін қажеттілік болып табылады. Олардың көпшілігі тек осы жерде, биік дуалдың артында ғана, отбасы туралы, анасы туралы еске алады. Бірақ бұл ешқашан кеш емес.

– Ұзақ кездесу күндері біз үшін өте маңызды, бұл бізге отбасының тұтастығын сақтауға, бір-бірімізді моральдық тұрғыдан қолдауға мүмкіндік береді.
Бүгін менің әйелім менімен кездесуге келді, біз жарты жыл бойы бір-бірімізді көрмедік, әкімшіліктің арқасында бейнебайланыс арқылы сөйлесуге мүмкіндік алдық, бірақ сотталғандардың барлығында ондай мүмкіндік жоқ, – дейді сотталғандардың бірі Владимир.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру