Арал ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар психологтың қабылдауында болды
Қызылорда облысы Арал аудандық пробация қызметінің есебіндегі азаматтар психологтың қабылдауында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектер жүйелі түрде көрсетіледі. Мысалы, бүгін аудандық емхананың психологы Р.Прекешова қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған 10 азаматты қабылдады.
Психолог сотталғандармен сұхбат барысында олардың моральдық жай-күйіне ерекше назар аударып, әлеуметтік жағдайларын анықтады.
– Негізі психологтың қабылдауында болып тұрған дұрыс деп есептеймін. Менде бүгін маманның жеке қабылдауында болдым. Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің жағдайымды айтып, тығырықтан шығу жолдарын сұрадым. Маманның ақыл-кеңесін пайдаланып, өміріме өзгерістер енгізбекпін. Осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.