Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да түзеу мекемелерінің қызметкерлері Наурызға орай сайыс ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың қызметкерлері көктемгі мерекеге орай байқау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақ халқының үздік дәстүрлерін жаңғырту мақсатында түзеу мекемелерінің қызметкерлері арасында «Наурыз дәмі» тақырыбында аспаздық конкурс ұйымдастырылды, онда қызметкерлер өздерінің аспаздық шеберліктерін көрсете алды. Жарыс Шығыс Қазақстан облысының 11 колониясының қызметкерлері арасында өтті.

– Біз өз қызметкерлерімізді басқа да қырларынан да таныдық. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы жұмыс табандылық пен төзімділікті талап ететін ауыр еңбек болып табылады. Бұл сайыста арулардың қызмет барысында тәртіпке бағынбаған қылмыскерлерді түзетумен айналысатынын, ал үйлерінде аяулы жар, ардақты ана, инабатты келін екенін көрдік. Күн-түн демей қызмет атқаратын өз мамандықтарының озаттары наурыз мейрамына орай өздерін басқа қырларынан танытып, басқаларға үлгі болды. Сайыс барысында қызметкерлер құрақ та құрады, – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру