Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 200 адам ұсақ бұзақылығы үшін айыппұл төлейді

Павлодар облысының полицейлері 12-18 наурыз аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Іс-шара барысында үш мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 200-ге жуық адамға айыппұл салынды. Мәселен, полицейлерге Н.Назарбаев даңғылындағы үйдің ауласында жанжал шығарған көршісіне қатысты қала тұрғыны шағымданған. 37 жастағы ер адам көршісіне тіл тигізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Тағы бір құқық бұзушы  Бектуров көшесіндегі үйдің кіреберісінде темекі шегіп, темекі тұқылын еденге лақтырған. Осылайша, ол өз әрекеттерімен ортақ пайдалану орнын ластады. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, материалдар сотқа жолданды, – деді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Құқық бұзушылықтардың жолын кесу барысында полиция қызметкерлері көшеде және қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 772 адамды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды. 386 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Мысалы, Павлодар қаласы Сұрағанов көшесіндегі дүкендердің бірінде спирттік ішімдіктерді ұнататын 52 жастағы  адам ұсталды. Ол бір жыл ішінде екі рет қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тағы да осындай құқық бұзушылық жасады. Аталған факт бойынша ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру