Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері көлігі кюветке түсіп кеткен жүргізушіні жауапқа тартты

Павлодар облысының Ертіс ауданында жолға демалмай шыққан көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2021 жылғы 15 наурызда Ертіс ауданының полиция бөліміне кюветке түсіп кеткен автокөлік туралы телефон хабарламасы түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері “Ленин кенті-Русская поляна” автожолының 175 шақырымында кюветте жатқан “Toyota Hilux” маркалы автокөлігін көрген. 34 жастағы көлік жүргізушісі шаршау салдарынан автокөлікті игере алмағанын және кюветке түскенін айтты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші сау болған,- деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабының 2-бөлігімен (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) әкімшілік өндіріс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру