Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «бала күтушісі» үй иесінің алтындарын ұрлап кетті

Бала күтушісі ретінде танысып, ұрлық жасаған шымкенттік азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны Еңбекші ауданы Полиция басқармасына арызданған. Онда «OLX» бағдарламасы арқылы танысқан қыз бала күтушісі ретінде пәтеріне келіп, алтын бұйымы мен 100 доллар ақшасын ұрлап кеткендігін көрсеткен. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің №41 учаскелік полиция инспекторлары жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының полицейлері қала тұрғындарына мүлік ұрлығының құрбаны болмас үшін бағалы заттар мен ақшаны сенімді жерде сақтап, өзіңіздің құнды заттарыңызға мұқият болуды ескертеді. Әдетте, бұл жұмысқа бала күтушісін қабылдау кезінде, ол туралы толық мәлімет жинақтап, тек сенімді болғаннан кейін ғана жұмысқа қабылдауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру