Алматыда екі мыңнан астам полиция қызметкері Covid-19-ға қарсы вакцинацияланды
Алматыда екі мыңнан астам полиция қызметкері Covid-19-ға қарсы вакцинацияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы қызметкерлеріне вакцинациялау ағымдағы жылдың 10 наурызында басталды. Бір апта ішінде бұл іс-шарадан екі мыңнан астам тәртіп сақшысы өтті.
– Бірінші кезекте – қатардағы бөлімдердің қызметкерлері: патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және тәулік бойы кезекшілік ететін және алдыңғы қатарда тұрған ювеналды полиция өкілдері. Әрі қарай вакцинаны аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлері алды, олар да тұрғындармен тығыз байланыста. Мақсат – жеке құрам арасында жұқтыру мен коронавирустық инфекцияның таралу қаупін болдырмау болып табылады. Арнайы кесте жасалды, қызметкерлер қаланың әртүрлі емханаларына бөлінді – бұл өте ыңғайлы және кезектердің пайда болуын болдырмайды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуали Нашарбеков.
Спикердің айтуынша, полицейлер үшін вакциналар жеткілікті. Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін Алматы қалалық ПД жеке құрамына вакцина егу жоспарланған.
– Мен вакцинаны жаңа ғана алдым. Бұған дейін мені мамандандырылған дәрігерлер қарады, олар қарсы көрсетілімдердің жоқтығын анықтады. Мен, ең алдымен, жеке қауіпсіздік пен өмірім үшін, жақындарымның денсаулығы үшін жасадым. Сақтанғанды Құдай сақтайды! Полицияға алғашқылардың бірі болып тегін вакцинаны ұсынған әкімдікке рахмет, – деді Бостандық аудандық ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Толқын Сарқытқанова.