Жамбыл облысында «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде
Жамбыл облысында «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Іздестіру «жедел-алдын алу іс-шарасы 2021 жылдың 17-18 наурызында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аумағында өткізіледі. Рейдтің алғашқы күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 11 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен алты азаматтың орналасқан жері анықталды.
ТМД елдерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында екі қылмыскердің орналасқан жері анықталып, үшеуі Ресей мен Қырғызстан аумағында ұсталды.
Мәселен, Қырғыз Республикасының Талас қаласында төрт жыл бойы із-түзсіз жоғалып кеткен 39 жастағы Қазақстан азаматын анықтады.