Күдікті сөмке Ақтөбедегі салық инспекциясына келушілердің зәресін алды
Күдікті сөмке Ақтөбедегі салық инспекциясына келушілердің зәресін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері полицияға иесіз сөмке туралы хабарлады. Хабарламадан соң, полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына шықты.
16 наурыз күні күндіз Ақтөбе қалалық ПБ жедел басқару орталығына күдікті зат табылғаны туралы хабарланды. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері ғимараттан иесіз сөмкесі табылғанын айтты.
Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жетті, келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады, жақын маңдағы аумақты қоршап алды. Табылған зат тексерілді. Сөмкеде жеке заттар, құжаттар және үлкен көлемдегі ақша табылды. Біраз уақыттан кейін сөмкенің иесі анықталды, оған полиция қызметкерлері сөмкені тапсырды.