Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің сақшылары алаяқтықтың жаңа түрлері белең алғаны туралы ескертеді

Бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтықтың түрлі схемалары туралы ақпараттың көптігіне қарамастан, азаматтар әлі де қылмыскерлердің айла-шарғысына иланып, қаржыларын айырылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Тек жыл басынан бері облыс аумағында 357 алаяқтық фактісі тіркелді. Павлодар облысының аумағында алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында 16-18 наурыз аралығында «Алаяқ» жедел – профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Полиция қызметкерлері оңай олжаға құныққан алаяқтардың жыл өткен сайын «дағдыларын» жетілдіріп, пайда табудың түрлі жолдарын іздейтінін атап өтті. Алаяқтар ең жиі қолданатын аңыз – бұл адамның жақын туысының жол-көлік оқиғасын жасап, полиция бөліміне жеткізілгені туралы әңгіме болып табылады. Оның барысында телефон шалған адам жауапкершіліктен құтылу үшін зардап шеккен адамға ақша аудару қажеттігін айтады.

Кейбіреулер интернетте орналастырылған жарнамалар бойынша тұрғын үйді жалға алуға немесе тауарларды төмен бағамен және 100% алдын-ала төлеммен сатып алуға ниеттенгенде алаяқтардың құрбанына айналады. Жәбірленушілер ештеңеден күдіктенбей, ақшаны қылмыскерлердің шотына аударады.

– Мысалы, Қостанай қаласының 30 жастағы тұрғыны «Колеса.кз» сайтында төмен бағамен көлік қозғалтқышын сату туралы хабарлама жариялап, Ертіс ауылы тұрғынының ақшасын иемденген. Екібастұз қаласының аумағында алаяқтық әрекеттер жасаған екібастұздықтар да әшкереленді. Қазіргі уақытта аталған адамдар Шығыс Қазақстан облысында бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазасын өтеп жатыр. Қалған фактілер бойынша тексерулер жүргізілуде, – деп атап өтті Балғабай Қапаров.

Полиция қызметкерлері түрлі мәмілелер жасау кезінде, соның ішінде интернет ресурстардың көмегімен сауда-саттық жасау кезінде қырағы болуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру