Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының ПД қызметкерлері студенттерге практикалық сабақтар өткізді

Павлодар облысы Полиция департаменті мен С.Торайғыров атындағы университет арасындағы дуальды білім беру бойынша меморандум аясында аталған оқу орнының 3-курс студенттерімен “Криминалистикалық фотография”, “Дактилоскопия” және “Қару жасау” тақырыптарында кезекті практикалық сабақтар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сабақтар барысында болашақ заңгерлерге оқиға болған жердің жай-күйін зерттеу, дактилоскопия жасау, қылмыс іздері, қол саусақтарының көрінбейтін іздерін алу және суретке түсіру ерекшеліктері туралы айтылды. Мамандар студенттерге атыс қаруы мен суық қарудың түрлері және оқиға орнында тиімді жұмыс істеу тәсілдері, заманауи сот-медициналық техниканы қолдана отырып, заттай айғақтарды табу және алу сияқты ұғымдарды түсіндірді.
Сабақ барысында студенттерге мәйітті анықтау бойынша оқиға орнының үлгісі көрсетілді, студенттерге тергеу әрекетіне қатысушылардың рөлі берілді. Студенттер сабақ барысында теориялық білімдерін бекітіп, практикалық дағдыларды меңгерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру