Алматыда белгісіз адам 12 мектепті «миналаған»
Алматыда белгісіз адам 12 мектепті жарып жібермек, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы қаскөйдің 12 білім беру мекемелерінің электрондық поштасына ақша аударуды сұраған хатынан белгілі болды, ақша аудармаған жағдайда, ол «мектептің ғимаратын жарып жіберемін» деп қорқытады.
Қазіргі кезде саперлер бұл ғимараттарды тексеріп жатыр.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Жасырын адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.