Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жоғалып кеткен 5 жастағы бала аман-есен табылды

Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы тауып, аман-есен анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 наурыз күні сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының кезекші бөліміне ауданда тұратын кәмелетке толмаған бес жасар баланың үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Жоғалған баланы іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала аудан орталығынан табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында балаларына бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру